Articles

Құтқарушыларға алғыс айтты

24 Aug 2024, 10:35
1 mins read
1890
Құтқарушыларға алғыс айтты
Қызылорда облысы ТЖД

Құтқарушыларға алғыс айтты

2024 жылғы 24  тамызда сағат 11-ден 58 минут өткенде “112”- Құтқару қызметіне Қызылорда қаласындағы Әкірам Ыдырысов көшесінің  тұрғын үйлерінің бірінде пәтерінің есігін ашпай жатқаны және пәтерде 86 жастағы әжейдің бар екендігі туралы хабарлама түсті.  Аталған хабарламаға орай Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы автокөлікпен оқиға орнына жетті.  Олар құтқару сатысының көмегімен пәтердің балконына, одан соң пәтерге кірді. Құтқарушылар пәтердің ваннасындағы ағаш орындығының сынуы салдарынан 1938 жылы туған азаматшаның - Кузнецова Галина Некандровнаның құлап қалғанын, орнынан тұра алмай жатқанын көріп, оны жуыну бөлмесінен шығаруға көмектесіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сонымен бірге Жедел жәрдем қызметін шақырып, азаматшаның денсаулығын қаратып алды.  ​​Әжей құтқарушыларға шын жүректен алғыс білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday